Тапсырыс шарттары
Не аласыз
Балаңыз басты кейіпкер болатын кітапты: мәтінде есімі дұрыс септеліп тұрады, суреттерде — өз жүзі.
- Цифрлық кітап — PDF, 12 бет, таңдалған тілде
- Басылған кітап — 25×25 см, қатты мұқаба, жібек қағаз, үстіне сыйға PDF
Тапсырыс қалай өтеді
- Мұқабаны тегін өлшеп көресіз — фото жүктейсіз де, нәтижені бірден көресіз. Бұл қадамда ештеңе төлемейсіз.
- Тапсырыс бересіз және Kaspi аударымымен төлейсіз.
- Макетті жинап, сізге толық жібереміз.
- Макетті бекітесіз. Ұнамаса — қайта жасаймыз.
- Кітап басылып, сізге жол тартады.
Мерзім
- цифрлық кітап — макет бекітілген бойда
- басылған — басуға 3–5 жұмыс күні, үстіне Қазақстан бойынша жеткізу
Нақты күнге керек болса — алдын ала айтыңыз, бөлек келісеміз.
Төлем
Тапсырыс экранында көрсетілген нөмірге Kaspi аударымы. Аударым түсініктемесінде — тапсырыс коды. Бөліп төлеу жоқ.
Жеткізу
Кітап бағасынан бөлек саналады. Алматы бойынша тегін: өзіңіз аласыз немесе курьер жеткізеді. Қазақстанның басқа қалаларына — 4 000 ₸, CDEK, 2–3 күн. Сома ертегі бетінде және тапсырыс формасында төлемге дейін көрінеді.
Қайтару
Кітап нақты сіздің балаңызға жасалады: оның есімі, оның жүзі. Оны басқа біреуге сату мүмкін емес, сондықтан басылған кітап қайтарылмайды және ауыстырылмайды. Дәл сол себепті макетті басудан бұрын көрсетеміз және сіз бекітпейінше баспаймыз.
Кітап зақымдалып келсе немесе ақаумен басылса — фотосын жіберіңіз, өз есебімізден қайта басамыз.
Цифрлық кітап файл жіберілгеннен кейін қайтарылмайды.
Фото жарамаса
Кейде фотосуреттен жақсы жүз шықпайды: алыс, бұлыңғыр, бас киіммен. Мұны төлемге дейін, өлшеп көру қадамында айтамыз да, басқа фото сұраймыз.
Кітапқа құқық
Суреттер, мәтіндер және кейіпкерлер Ertegim-ге тиесілі. Сіз кітапты жеке пайдалануға аласыз: оқуға, сыйлауға, сақтауға. Көбейтуге және сатуға — жоқ.
Байланыс
77027205979 · WhatsApp
Сағат 10-нан 20-ға дейін жауап береміз.