Негізгі мазмұнға өту
Ertegim
Басты бетке

Біз туралы

Неге бұл кітап пайда болды?

Ertegim иесіҚартбаев ЖанErtegim иесі, Алматы

Бұл идея екі жыл бұрын ойыма келіп, содан бері ойымнан кетпей қойды. Маған кешкісін кішкентай болсын бір сәт баланың экранға емес, ата-анасына қараса екен деп қаладым. Баланы тек тыңдату емес, оны сөйлету, сырласу басты мақсатым болды.

Мұндай кітап бір сәтте үш түрлі құндылық береді:

  • Нағыз қызығушылық. Бала экранды ұмытып, қағаз кітапты парақтайды. Өйткені әр бетте — өзінің есімі, өзінің бейнесі және өз оқиғасы.

  • Отбасылық сапалы уақыт. Бұл — жай ғана оқып беру емес, бірге өткізген бағалы сәттер. Кешкі жарты сағатта бала телефонға емес, сізге қарап, ойын бөліседі.

  • Тіл мен сөйлеуді дамыту. Беттердегі арнайы сұрақтар диалогтық оқу әдісіне негізделген. Бала тек тыңдаушы емес, негізгі әңгімешіге айналады. Бұл әдіс 1980 жылдардан бері зерттеліп келеді.

Біз не істейміз?

  • Дербес иллюстрация. Бала — өз ертегісінің басты кейіпкері. Суреттердегі кейіпкер де, мәтіндегі есім де балаңызға арналады.

  • Грамматикалық дәлдік. Баланың есімі қазақ тілінің заңдылықтарына сай дұрыс септеледі: Айбекке, Айбектің, Айбекпен. Бұл ертегінің балаға жақын әрі табиғи естілуі үшін маңызды.

  • Ата-анаға тұрақты қолдау. Тапсырыстан кейін де байланыста боламыз. Баламен кітапты қалай талқылау керектігі, диалогты қалай дамыту жөнінде пайдалы кеңестер жіберіп тұрамыз.

  • Төл фольклорымыз. Сюжеттер жат кейіпкерлерге емес, Ер Төстік, Самұрық, Бәйтерек, Таусоғар сияқты өз ұлттық ертегілерімізге негізделген.

Біздің ерекшелігіміз

  • Авторлық жұмыс. Сюжеттер мен суреттер — авторлық еңбек. Технология тек баланың бетін және есімін қояды, ертегіні ол ойлап таппайды.

  • Алматыдағы сапалы баспа. Әр кітапты жібермес бұрын өз көзіммен тексеремін. Тапсырысыңыз апталап күтпей, бірнеше күнде дайын болады.

  • Толыққанды 12 бет. Стандартты 10 беттік кітаптарға қарағанда, бізде 12 бет бар, әр бетте — толық сурет.

Біздің мақсатымыз

Қазақ ертегілерінің заманауи әлемін қалыптастыру. Кейіпкерлері бір кітаптан екіншісіне өтіп отыратын, ал балалар келесі шығарылымды асыға күтетін әлем.

Әзірге 6 ертегі. Алда — көбірек.

77027205979 · WhatsApp